Біз препараттарымызды қант диабетімен және басқа да ауыр созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға жеткізуді жалғастырамыз, қызметкерлеріміздің денсаулығын сақтаймыз және дәрігерлер мен медбикелер COVID-19 індетін жеңу үшін жұмыс істеп жатқан кезде оларды қолдау шараларын қабылдаймыз.

Пандемияның өзгеруіне байланысты жаңа сұрақтар мен алаңдаушылықтар туындайды және біз препараттарымыздың жеткізілуі, оларды қабылдайтын адамдардың сұрақтарына жауап беру және бізбен қалай байланысуға болатындығы туралы жаңалықтарды сізге хабарлап отырғымыз келеді.

Қазіргі уақытта, бізде жеткізуге қатысты ешқандай мәселе жоқ. Біз мұндай жағдайларға жақсы дайындалдық және бізде ұзақ мерзімді жеткізуді қамтамасыз ететін сақтау саясаты бар.

Бұл өте маңызды, өйткені біз бүкіл әлем бойынша емделушілер күнделікті қажет ететін өмірлік маңызы зор препараттармен жұмыс істейміз.

Біз COVID-19 пандемиясы кезінде өмірлік маңызы зор препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау органдары мен дәріханалардың қолынан келген нәрселердің барлығын жасайтынын білеміз және біз сізді қазіргі қор деңгейінің қалыпты екеніне сендіре аламыз. Жағдайды бақылауды жалғастыра отырып, біз өз жаңалықтарымызды бөлісеміз.

Егер сіз немесе сіз білетін біреу қант диабетімен, семіздікпен немесе басқа созылмалы аурумен ауыратын болса, мұның сізді алаңдататыны сөзсіз. Біздің көпшілігімізден үйде отыру сұралатындықтан, физикалық және психикалық мәселелер туралы көптеген сұрақтар болады.

Біз сіз үшін пайдалы болады деген үмітпен кеңестер мен ұсыныстарды бөліскіміз келеді.

Диабет және COVID-19

Семіздік және COVID-19

Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін біз жергілікті денсаулық сақтау органдарының кеңестері мен нұсқауларын қолданамыз. Індетті жұқтыру қаупі әлі де жоғары болған кейбір елдер мен қауымдастықтарда біз қызметкерлерден үйде отырып жұмыс жасауды сұраймыз.

Осындай қалыптан тыс еңбек жағдайларында біз қызметкерлердің белсенді болуы, үйден эргономикалық түрде жұмыс істеуі және цифрлық жұмыс орнына бейімделуі үшін барынша қолдау көрсетеміз.

Біздің өндіріс орындарымызда жұмыс істейтін қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жұмыс кезінде ұсынылған әлеуметтк қашықтықты ұстана алуы үшін шаралар қабылдаймыз.

Біз бұрын басталып қойған барлық клиникалық сынақтарды жалғастырып жатырмыз және аяқталуға жақын сынақтардың айтарлықтай шамада кешігуі күтілмеуде. Қазіргі жағдайда біз бүкіл әлем бойынша сынақ зерттеушілерімен тығыз диалогтамыз және біз медициналық сынаққа адамдар қабылдауды уақытша тоқтатуда және емделушілердің медициналық көмек алу үшін тұрақты түрде келуін бұзбастан, осындай келулерді азайтуда олардың шешіміне жүгінеміз.

Сондай-ақ біз сынақтардың кейінгі бақылауларының күннен-күнге қиындай түсетінін байқаудамыз және осындай жағдайда ең жақсы шешімді табу үшін біз тиісті сынақ орталықтарымен, зерттеушілермен және органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Ағымдағы сынақтар туралы айтатын болсақ, бұл жағдай жаңа емделушілерді қабылдауды айтарлықтай қиындатты, бірақ бұл жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Енді белгілі бір елдерде жаңа сынақтарды бастау мүмкіндігі бар.

Novo Nordisk компаниясы қайырымдылық мақсаттарында қаражат бөлу, қол санитайзерлерін жасау үшін өзінің шикі материалдарын бөлісу және COVID-19 сынақтарын жүргізуге көмектесу үшін зертханаларын ашу секілді бірнеше бастамасымен зардап шеккен аймақтарда денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау көрсетуде.

Біз жағдай өршіген сайын тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету үшін жаһандық жағдайды мұқият бақылап отырамыз.

Біз кейбір елдердегі денсаулық сақтау органдары мен дәріханалардың препараттарды мұқтаж адамдар үшін әрдайым қолжетімді ету үшін барын салып жатқанын білеміз, бірақ біздің қазіргі қор деңгейіміз қалыпты деп сендіре аламыз.

Бұл емделушінің ала алатын препараттарының немесе құрылғыларының санында шектеулер болуы мүмкін дегенді білдіреді. Қант диабетімен және басқа да созылмалы аурулармен ауыратын барлық адамдар өздерінің негізгі препараттарына қол жеткізе алуы үшін препараттарды немесе құрылғыларды қалыпты талаптарға сай алу өте маңызды.

Біз серіктестерімізбен, оның ішінде денсаулық сақтау органдарымен және дәріханалармен тығыз байланыста болып, олардың қор деңгейін бақылап тұрамыз.

Жағдай үнемі өзгеріп отырады, бірақ қазіргі уақытта біз жеткізумен байланысты шектеулерді байқап жатқан жоқпыз. Біз мұндай жағдайларға жақсы дайындалдық және ұзақ мерзімді жеткізуге қызмет ететін түгендеу саясатымыз бар. Бұл өте маңызды, өйткені біздің препараттарымыз бүкіл әлем бойынша емделушілерге күн сайын қажет болып тұрады. 

Novo Nordisk компаниясында клиникалық сынақтарды өткізген кезде біздің басымдықтарымыз емделушінің қауіпсіздігі және клиникалық сынақтың адалдығы болып табылады. Біз бұрын басталып қойған барлық клиникалық сынақтарды жалғастырып жатырмыз және аяқталуға жақын сынақтардың айтарлықтай шамада кешігуі күтілмеуде.

Біз қазіргі жағдайда бүкіл әлем бойынша сынақ зерттеушілерімен тығыз диалогтамыз және біз медициналық сынаққа адамдар қабылдауды уақытша тоқтатуда және емделушілердің медициналық көмек алу үшін тұрақты түрде келуін бұзбастан, осындай келулерді азайтуда олардың шешіміне жүгінеміз.

Сондай-ақ біз сынақтардың кейінгі бақылауларының күннен-күнге қиындай түсетінін байқаудамыз және осындай жағдайда ең жақсы шешімді табу үшін біз тиісті сынақ орталықтарымен, зерттеушілермен және органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі күйзелісін көрсету үшін жаңа сынақтар бастатылмайды.

Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін біз қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жергілікті денсаулық сақтау органдарының кеңестеріне құлақ асамыз. 

Әлі қашықтан жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін біз олардың белсенді болуы, үйден эргономикалық түрде жұмыс істеуі және цифрлық жұмыс орнына бейімделуі үшін барынша қолдау көрсетеміз.

Біздің өндіріс орындарымызда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұмыс кезінде ұсынылған әлеуметтк қашықтықтың сақталуы үшін шаралар қабылдаймыз. Біз COVID-19 індеті денсаулықтарына қауіпті болып саналмайтын қызметкерлерден ғана кеңседе немесе зауытта болуын сұраймыз.

Егер COVID-19 пандемиясы кезінде препараттардың қолжетімділігі туралы сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылықтарыңыз болса, өз еліңіздегі жергілікті кеңсеге хабарласыңыз.

Мұнда басып біздің ғаламдық кеңселерімізді шолып шығыңыз

Біз жаһандық COVID-19 пандемиясының бүкіл әлемдегі адамдардың өміріне әсер ететінін мойындаймыз және қант диабетімен және/немесе семіздікпен ауыратын адамдардың COVID-19 індетін жұқтыру қаупі жалпы халыққа қарағанда жоғары болмаса да, COVID-19 індеті диабетке, семіздікке және онымен байланысты асқынуларға, мысалы жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан кейбір адамдарда ауыр симптомдар тудыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта семіздікпен ауыратын адамдарда COVID-19 инфекциясы қаупінің жоғары болуы туралы ешқандай дәлел жоқ. Дәлелдер жалпы мезгілдік тұмау кезінде дене массасының индексі ≥ 40 кг/м2  болып табылатын семіздікпен ауыратын адамдарда ауыр асқынулардың болуы қаупінің жоғары екенін көрсетеді. АҚШ-тағы Ауруларды басқару және олардың алдын алу орталығы және Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі елеулі шамада семіздікке шалдыққан адамдарды (дене массасының индексі ≥ 40 кг/м2) COVID-19 індетінен ауыр зардаптар алу қаупі бар адамдар қатарына жатқызады.

Егер қант диабеті жақсы басқарылатын болса, COVID‑19 індетінің қаупі жалпы халықпен бірдей болады.

Осы уақытта қант диабетімен және семіздікпен ауыратын адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыру үшін емделушілерге қолдау көрсетуге арналған веб-сайттардан қосымша ақпарат пен қолдау таба аласыз:

Диабет: Енді не болады®

Семіздік: Салмақ туралы шындық®

1- және 2-типті қант диабетімен ауыратын адамдар үшін қауіптер ұқсас. 1-типті қант диабетімен ауыратын адамдар вирустық инфекцияны жұқтырған жағдайда оларда DKA (диабеттік кетоацидоз) қаупі артады.

Әлемдік COVID-19 пандемиясы кезінде оның бүкіл әлемдегі адамдарға, соның ішінде қант диабетімен ауыратын адамдардың өміріне тигізетін әсерін түсінеміз. Қант диабетімен ауыратын адамдарда келесілер әрқашан дайын болуы керек:

  • Оларға медициналық көмек көрсететін маманның байланыс ақпараты.
  • Препараттардың жеткілікті мөлшері және үй жағдайында қандағы глюкозаны бақылауға жабдықтардың.
  • Егер қандағы қант деңгейінің төмендеу қауіп болса немесе тамақ жеу үшін тым ауырып тұрған болсаңыз, қандағы қантты ұстап тұруға көмектесетін алкогольсіз сусындар, бал, джем, кәмпиттер немесе мұз кәмпиттер секілді қарапайым көмірсулардың жеткілікті мөлшері.
  • Гликемиялық бақылау нашар болған жағдайда (қандағы глюкозаның жоғары немесе төмен деңгейде болуы) глюкагон мен кетон жолақтары.

Сондай-ақ емделушілер мына ескерту белгілеріне назар аударулары керек: тыныс алудың қиындауы немесе ентігу, тұрақты ауырсыну немесе кеуде қуысында қысым сезу, сананың шатасуы немесе ояна алмау, еріннің немесе беттің көгеруі.

Егер қант диабетімен ауыратын адамда COVID‑19 белгілері байқалса, жергілікті биліктің ұсынымдарын орындау керек. Кейбір елдерде емделушілерге жедел медициналық көмекке жүгінуге кеңес беріледі. Алайда, вирусты басқаларға жұқтырмас үшін және бірінші кезектегі шаралардың медициналық қызметкерлер тарапынан қабылдануына жол беру үшін ауруханаға тікелей бармауға кеңес беріледі. 

Ауруханаға/дәрігерге қоңырау шалып, келесілерді хабарлаңыз:

  • Симптомдар
  • Глюкоза мен кетонды көрсеткіші (егер бар болса)
  • Сұйықтықтың шығынын бақылау

Препараттарды қолдануға қатысты диабетті емдеу тобының кеңесін ескеріңіз. Мол су ішіп, өзіңізбен қантсыз сусындарды алып жүріңіз; тамақты азырақ мөлшерде, бірақ жиі-жиі жеп тұрыңыз. 

Вирусты жұқтырған қант диабетімен ауыратын адамдар ауру кезінде гликемиялық бақылаудың нашарлағанын байқауы мүмкін. Пациенттер қант диабетінің декомпенсациясын жақсарту үшін «ауыру күніндегі нұсқауларды» ұстануы керек.

Әрдайым жергілікті органдардың кеңесіне құлақ асыңыз. Американдық Диабет қауымдастығы (ADA) осы емделушілерге келесі шараларды ұсынады:

  • Қант диабетіне қарсы препараттарды қабылдау және қандағы глюкозаны бақылау бойынша дәрігердің (немесе қант диабеті тобының) кеңесін орындаңыз.
  • Гипергликемияның белгілері туралы біліңіз (мысалы, әдеттегіден көп зәр шығару; әсіресе түнде), қатты шөлдеу, бас ауруы, шаршау және солғындық.
  • Күні-түні қандағы глюкозаны жиі бақылап отырыңыз (негізінен, 2-3 сағат сайын).
  • Мол су ішіп тұрыңыз.
  • Егер қандағы глюкоза 70 мг/дл (3,9 ммоль/л) шамасынан төмен болса немесе мақсатты диапазоннан төмен болса, 15 грамм мөлшерінде оңай сіңірілетін қарапайым көмірсулар жеңіз (мысалы, бал, джем, кәмпиттер, шырын немесе алкогольсіз сусындар). Қандағы глюкозаны 15 минут сайын тексеріп, қант деңгейінің жоғарылағанына көз жеткізіңіз.
  • Қандағы глюкоза мөлшері қатарынан екі рет 240мг/дл (13,3 ммоль/л) шамасынан жоғары болса, кетондарды тексеру керек. Егер сізде орташа немесе жоғары кетондар болса (және іздік не кішігірім кетондарға нұсқаулық берілсе), тез арада дәрігеріңізге жүгінуіңіз керек.
  • CGM сенсорларының дұрыстығына көз жеткізу үшін қандағы глюкоза мөлшерін өздігінен өлшейтін текстілермен тексеріңіз, себебі кейбіреулеріне ацетаминофен/парацетамол әсер етеді.
  • Қолыңызды жуыңыз, инъекция/инфузия және саусақтағы қан алынатын жерлерді сабын сумен немесе үйкелетін спиртпен тазалаңыз.
  • Егер қандағы глюкозаның мөлшері 250 мг/дл шамасынан жоғары болса және кетондар орташадан үлкенге дейін болса, белсенділікті шектеңіз.

Қосымша нұсқаулар алу үшін мұндағы CDC «Тұмау және ауру күндері туралы нұсқаулықты» қараңыз.

Біздің емделушілерге және біз жұмыс істейтін аймақтардағы қауымдастықтарға деген міндеттемелеріміз өзгеріссіз қалады және бұрын-соңды болмаған осындай уақытта біздің қызметкерлеріміз бен пациенттеріміздің денсаулығы басты назарда ұсталады.

Жаһандық COVID-19 пандемиясы кезінде біз оның бүкіл әлемдегі адамдардың өміріне, оның ішінде семіздікке тигізетін әсерін түсінеміз.

Адамдар жергілікті денсаулық сақтау органдарының кеңесін ескерумен қатар, оларға медициналық көмек көрсететін мамандармен кеңесусіз, өздері қабылдап жүрген қандай да бір препаратты (соның ішінде, семіздікке қарсы препараттарды) қабылдауды тоқтатпаулары керек.

Семіздікпен ауыратын адамдар дене шынықтыруды жергілікті денсаулық сақтау органдарының нұсқауларына сәйкес жалғастыруы және әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек.

COVID-19 дағдарысы кезіндегі физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану бойынша жалпы ұсыныстарды алу үшін біз семіздікке шалдыққан адамдарға білікті медициналық маманға жүгінуге және кәсіби қауымдастықтардың нұсқауларын ұстануға кеңес береміз. 

Жаһандық COVID-19 пандемиясының бүкіл әлемдегі адамдардың өміріне, оның ішінде семіздікке әсер ететінін түсінеміз. Семіздікпен ауыратын адамдарда COVID-19 белгілері байқалған жағдайда ДДҰ және олардың жергілікті уәкілі қамтамасыз еткен ұсыныстарды орындау ұсынылады.

Адамдар жергілікті денсаулық сақтау органдарының кеңесін ескерумен қатар, оларға медициналық көмек көрсететін мамандармен кеңесусіз, өздері қабылдап жүрген қандай да бір препаратты (соның ішінде, семіздікке қарсы препараттарды) қабылдауды тоқтатпаулары қажет.

Біздің емделушілерге және біз жұмыс істейтін аймақтардағы қауымдастықтарға деген міндеттемелеріміз өзгеріссіз қалады және бұрын-соңды болмаған осындай уақытта біздің қызметкерлеріміз бен пациенттеріміздің денсаулығы басты назарда ұсталады.

Барлық адамдар вирус жұқтыру қаупін азайту үшін қоғамдық денсаулық сақтау органдары берген ұсыныстарды, соның ішінде қолды ең аз 20 секунд бойы жақсылап жуу, тазалықты ұстану және өзін нашар сезінген адамдармен қандай да бір байланысты болдырмау секілді нұсқауларды сақтауы керек. 

Біз бүкіл әлем бойынша емделушілерге қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Қазіргі уақытта біз препараттарды жеткізуге қатысты ещқандай мәселелерге тап болып жатқан жоқпыз және біздің қор деңгейлеріміз бірқалыпты. Біз мұндай жағдайларға жақсы дайындалдық және бізде ұзақ мерзімді жеткізуді қамтамасыз ететін сақтау саясаты бар. Бұл өте маңызды, өйткені біз бүкіл әлем бойынша емделушілер күнделікті қажет ететін өмірлік маңызы зор препараттармен жұмыс істейміз.

Жаһандық ахуалдың өзгеруіне қарай біз емделушілеріміздің өздеріне қажет препараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз.

Novo Nordisk компаниясы бүкіл әлем бойынша адамдардың денсаулығына үлес қосуымызға және оған деген жауапкершілігімізге адалдықпен қарайды және COVID-19 індетімен бірлесе күресуде уақытылы қолдау көрсетіп, ресурстарды қамтамасыз етеді.

Осы ақпаратқа енгізілетін жаңартуларды көру үшін осы парақты қадағалап жүріңіз.

Қазіргі уақытта қант диабетімен немесе семіздікпен ауыратын адамдар COVID-19 инфекциясын жұқтырса, біздің препараттарымызды (мысалы, GLP-1 рецепторларының агонистері немесе инсулиндер) қабылдауға тиетін қандай да бір әсер туралы ешқандай мәлімет жоқ.

 COVID-19 денсаулық дағдарысы кезіндегі емделушілеріміздің денсаулығы мен әл-ауқаты біздің барлық істеріміздің негізі болып табылады.

Біз бүкіл әлем бойынша адамдардың денсаулығына үлес қосуға және оған деген жауапкершілігімізге бейілділікпен қараймыз және COVID-19 індетімен бірлесе күресуде уақытылы қолдау көрсетіп, ресурстарды қамтамасыз етеміз.

Осы ақпаратқа енгізілетін жаңартуларды көру үшін осы парақты қадағалап жүріңіз.

Бұл ауру туралы жалпы хабардарлық, оны медициналық кеңес деп түсінбеу керек. Егер сізде COVID-19 белгілері пайда болса немесе сұрақтарыңыз, күдіктеріңіз не алаңдаушылықтарыңыз болса, дәрігерге хабарласыңыз. Әрдайым жергілікті органдардың кеңесіне құлақ асыңыз.

Қант диабетімен және семіздікпен ауыратын адамдарға жиі қойылатын сұрақтарымызды дайындау кезінде біз келесі дереккөздерге жүгіндік: