Осы Келісім Пайдаланушылардың «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС-іне (бұдан әрі – «Ново Нордиск компаниясы») тиесілі  www.novonordisk.kz сайтының (бұдан әрі — «Сайт») материалдарын пайдалану шарттарын айқындайды.

1.1. Сайт материалдарын пайдалану Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларымен реттеледі.

1.2. Сайт Әкімшілігі кез келген уақытта осы Келісімнің шарттарын бір жақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Мұндай өзгертулер Келісімнің жаңа нұсқасы Сайтқа орналастырылған кезден бастап дереу күшіне енеді. Пайдаланушы енгізілген өзгертулермен келіспейтін жағдайда, ол Сайтқа кіруден бас тартуға, Сайт материалдарын пайдалануды тоқтатуға міндетті.

Сайттың мазмұны ақпаратпен танысу мақсатында ғана берілген. Осы Сайтты құрудың мақсаты Ново Нордиск компаниясы туралы қажетті мәлімет беру, сондай-ақ пайдаланушылардың ақпараттық және білім сұраныс-тілектерін қанағаттандыру болып табылады.

Сайтта баяндалған ақпаратта ешқандай кеңес немесе ұсыныс қамтылмайды және ол қандай да бір шешім қабылдауға немесе қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға негіз болмауға тиіс. Осы Сайтта баяндалған кез келген мәліметтерді тәжірибе жүзінде қолдану мәселелері бойынша тиісті сала мамандарының консультациясын алған жөн. Сайтта әр түрлі аурулар және оларды емдеу әдістері туралы таңдаулы ақпарат қана беріледі. Бұл мәліметтер дәрігерлік кеңес ретінде қарастырылмауға тиіс. Кез келген препараттың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуы туралы ресми ақпарат препараттың қаптамасына салынған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған.

Осы Сайтта қамтылған медициналық ақпарат емдейтін дәрігердің консультациясын алмастырмайды. Бұл ақпаратты пациенттер осы өнімдерді қолдану туралы шешім қабылдау үшін пайдаланбауға тиіс. Бұл ақпараттағы еш нәрсе де маман емес адамдардың сипатталып отырған өнімдерді өз бетімен сатып алуына немесе пайдалануына үндеу салу деп түсіндірілмеуге тиіс.

Сайтта орналастырылған ақпаратты ауруға диагноз қоюдың және дәрімен емдеудің қате жасалуына әкеп соққан жолмен пайдаланудың, сондай-ақ Сайтта сипатталған өнімдерді дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде болған кез келген нұқсанға немесе зиянға орай Ново Нордиск A/C компаниясына кінәрат-талап қойылуға тиіс емес.

Сайттағы ақпаратқа қандай да бір талдау жасалмауы керек және ол қандай түрде жарияланған болса, сол қаз-қалпында қабылдануға тиіс. Ново Нордиск компаниясы, әсіресе, өнімнің сапасына және нақты мақсатқа пайдалануға жарамдылығына кепілдікке қатысты ешқандай айқын немесе жанама растама немесе келідік бермейді. Ново Нордиск компаниясы Сайттағы ақпараттың толықтығына, дұрыстығына, дәлдігі мен қолжетімділігіне және оның қолданылатын заңдарға сәйкестігіне қатысты ешқандай растама мен кепілдік бермейді. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз ақпараттың толық болмауы, дәл болмауы немесе сіздің талаптарыңызға сәйкес келмеуі мүмкін деген тәуекелді өзіңізге қабылдайсыз.

Ново Нордиск компаниясы сіздің Сайтқа кіруіңізден немесе осы Сайтта көрсетілген ақпаратты басшылыққа алуыңыздың салдарында туындаған кез келген нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді. Ново Нордиск компаниясы Сайтты пайдалануға байланысты туындаған тікелей және жанама нұқсанды өтеу немесе залалдың, сондай-ақ айыппұл санкцияларының орнын толтыру, сол сияқты басқа нұқсанды, сондай-ақ жіберіп алған мүмкіндіктерді немесе өзге ысыраптарды немесе кез келген түрдегі нұқсанды өтеу бойынша өзіне ешқандай міндеттеме алмайды. Бұл шектеуге сіздің жабдығыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін компьютерлік вирустарға байланысты нұқсан кіреді.

Басқа сайттар сияқты, біздің Сайт сіздің жеке қалауыңызды сақтау мақсатында біздің Сайттың пайдаланылуы туралы ақпарат жинау үшін "кукиз" деп аталатын стандартты технологияны пайдалана алады. Кукиз файлдары арқылы біз сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алмаймыз. Кукиз файлдары Сайтқа пайдаланушының Интернет-браузерін тануға және осылайша Сайтты қарау кезінде пайдаланушының кез келген қалауын сақтап қоюға және жадыда қалдыруға көмектеседі. Кукиз файлдары сіздің құрылғыңыздан ешқандай басқа деректерді ала алмайды, соның ішінде компьютерлік вирусты жұқтыра алмайды.

Кукиз файлдары пайдаланушының құпиясөзін қауіпсіз сақтай алады, бастапқы беттерін дараландыра алады, сайттың қай бөлімдеріне кіргенін анықтай алады немесе таңдамаларын қадағалай алады. Біздің Сайттан жүктелген кукиз файлдары сіздің домен атауын ала алады және біздің беттеріміз арқылы сіздің таңдамаларыңызды қадағалай алады. Біз кукиз файлдарын өзіміздің Құпиялық саясатында көрсетілген ақпаратты жинау үшін ғана және Дербес деректерді өңдеу туралы ережеге сәйкес пайдаланамыз.

Сіз кез келген уақытта кукиз файлдарын жоя аласыз. Толығырақ ақпарат алу үшін өзіңіздің Интернет-браузердің техникалық қолдау қызметіне хабарласуыңызды өтінеміз.

Басқа сыртқы Интернет-ресурстарына жасалған барлық сілтемелер тек қосымша контент іздеуді жеңілдету үшін ғана ұсынылады. Ново Нордиск компаниясы мұндай Интернет-ресурстарының мазмұны немесе жұмысы үшін жауапкершілік көтермейді және оларды бақыламайды, сондай-ақ осындай Интернет-ресурстарының мазмұнына немесе жұмысына байланысты туындаған кез келген нұқсан немесе залал үшін жауапкершілік көтермейді.

Осы Сайттың мазмұны Ново Нордиск компаниясының зияткерлік меншігі болып табылады және авторлық құқықпен және дараландыру құралдары туралы заңнамамен  қорғалған. Осы Сайта назарға ұсынылған өнімдердің тауар таңбалары, фирмалық атаулары, логотиптері және сыртқы түрі әлем юрисдикцияларының көпшілігінде қорғалған және оларды кез келген пайдалану Ново Нордиск компаниясының алдын ала жазбаша келісімін алуды қажет етеді. Сіздің осы Сайттың ішіндегі мазмұнды тек жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалануыңыз үшін ғана көшіруіңізге болады. Оның ішіндегі мазмұнды кез келген басқа тәсілмен көшіруге болмайды және басқа мақсаттарда пайдалануға болмайды. Мазмұнды кез келген өзгертуге немесе одан әрі жаңғыртуға тыйым салынған.

8.1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқық нормаларын, соның ішінде зияткерлік меншік құқығы саласындағы нормаларды бұзушылық деп қарастырылуы мүмкін болатын әрекеттерді, сондай-ақ Сайттың қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін болатын кез келген әрекеттерді жасамауға келіседі.

8.2. Пайдаланушының Сайтта қалдыратын пікірлері мен басқа жазбалары Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасының және жалпы қабылданған мораль мен әдептілік нормаларының талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

8.3. Пайдаланушыға Сайтта сілтемелер берілуі мүмкін болатын сыртқы Интернет-ресурстарына оның кіруі және пайдалануы үшін Сайт Әкімшілігінің жауапкершілік көтермейтіні туралы ескертілді.

8.4. Пайдаланушы Сайттың мазмұнына байланысты туындауы мүмкін немесе туындаған кез келген ысырапқа немесе шығынға байланысты Сайт Әкімшілігінің жауапкершілік көтерметініне және оның Пайдаланушы алдында тікелей немесе жанама міндеттемелері жоқ екеніне келіседі.

9.1. Осы Келісімнен келіп шығатын немесе оған байланысты барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

9.2. Пайдаланушы осы Келісімнің барлық тармақтарымен танысып шыққанын және оларды сөзсіз қабылдайтынын растайды.

Your Career Guide