Біздің әлеуметтік жауапкершілік стратегиямыз жеке және қоғамдық денсаулықты жақсартуға көмектесетін үш бағыт бойынша жаңа ұзақ мерзімді мақсаттарды ұсынады:

  • 2-типті қант диабеті мен семіздіктің артуының алдын алу.
  • Әр елдегі осал емделушілер үшін қолжетімді медициналық көмек алуды қамтамасыз ету.
  • Өмірді жақсарту үшін инновациялар енгізу. 

Бүгінгі күні әлемдегі әрбір 11 адамның бірі қант диабетімен ауырады, егер ешқандай шара қолданылмаса, 2045 жылға қарай қант диабетімен әр тоғыз адамның біреуі ауыратын болады.

Қант диабеті денсаулық сақтау жүйелеріне үлкен салмақ түсіреді және біз аурудың алдын алу және оны емдеу үшін денсаулық сақтау органдарымен және біз жұмыс істейтін елдердегі басқа серіктестермен жұмыс істеуге бейілденеміз.   

1-типті қант диабетінен ешбір бала өлмеуі керек 

Біз «Балаларда диабетті өзгерту®» бағдарламасын 2030 жылға қарай 100 000 баланын қамтитындай етіп кеңейтіп жатырмыз. Қазірдің өзінде біздің бағдарламамыз 1-типті қант диабетімен ауыратын 25 000-нан астам баланың төмен тұрмыстық жағдайларда медициналық көмек пен ресурстарға және өмірлік маңызы зор болып табылатын препараттарға қол жеткізуіне көмектесті.

Төмен және орташа табысы бар елдердегі қолжетімді адам инсулині

Біз төмен және орта кірісті 76 елде адам инсулинінің әр флаконының шекті бағасын 4-тен 3 АҚШ долларына дейін төмендетудеміз. Бұл - халықтың осал топтарын арзан инсулинмен қамтамасыз ету бойынша жұмсайтын күш-жігерімізді күшейту үшін «Инсулинге қолжетімділік бойынша міндеттемеміздің» өмірлік мәні зор болған кеңейтілімі.

Халықтың осал топтарына қамқорлықты жақсарту

Біз Халықаралық Қызыл Крест комитетімен және Даниядағы Қызыл Крест ұйымымен бірге «Өзгерістер үшін серіктестік» атты бағдарламамызды 2023 жылға дейін ұзартудамыз. Сонымен қатар, біз қайырымдылық ретінде бағдарламаға 15 миллион дат кронасын бөлдік. Біздің бірлескен күш-жігерімізбен бұл бағдарлама гуманитарлық дағдарыстар кезінде емделушілердің осал топтарына көмектеседі.