1-типті қант диабеті - бұл ағзаның тамақ глюкозасын энергияға айналдыру қабілетіне әсер ететін созылмалы ауру. Көптеген жағдайларда 1-типті қант диабеті өмірдің жастық шағында дамиды және көбіне балалық кезінде анықталады.

Бұл ауру, иммундық жүйе ұйқы безінде инсулин бөлетін жасушаларға шабуыл жасағанда басталады, инсулин - дене жасушалары үшін глюкозаны энергияға айналдыруға көмектесетін гормон. 1-типті қант диабетімен өмір сүретін адамдар күнделікті инсулин инъекциясынсыз өмір сүре алмайды.

Қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған емдеу әдістерін табу мен өндірудің 100 жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, біздің ғалымдарымыз жақсы гликемиялық бақылауды сақтауға қажетті инсулин инъекцияларының санын азайту және қандағы төмен глюкоза (гипогликемия) эпизодтарының алдын алу бойынша зерттеулерді алға жылжытуда.

Біздің түпкі мақсатымыз - 1-типті қант диабетіне ем табу. Біз бір күні 1-типті диабетті емдеу үшін қолданылуы мүмкін болған бағаналы жасушалар терапиясы секілді регенеративті медицина саласындағы зерттеуімізді жетілдірудеміз.

Қандағы глюкозаның мақсатты деңгейін ұстап тұру дене мүшелерін зақымданудан сақтауға көмектеседі. Ол сонымен қатар 1 типті қант диабетімен ауыратын адамдарды гипогликемиядан қорғайды.

Инсулин терапиясы диабетке шалдықпаған адамның табиғи инсулин реакциясына мүмкіндігінше жақындауға бағытталған. Бұл 1 типті қант диабетімен ауыратын адамдарға қандағы глюкозаның мақсатты деңгейін ұстап тұруға көмектеседі.

Инсулин терапиясы дененің табиғи реакциясына жақындаған сайын, қандағы глюкозаның деңгейін теңестіреді.

Инсулинмен емдеу едәуір дамыды және алға жылжыған сайын біз инсулиннің табиғи реакциясына жақындаймыз. Ең бастысы, бұл жетістіктер 1 типті қант диабетімен ауыратын адамдарға ауруды емдеуге және өмір сүруге байланысты кейбір қолайсыздықтарды жеңуге көмектесті. Біздің үлкен амбицияларымыздың бірі - гипогликемиялық жағдайларды жоятын «ақылды инсулиндерді» дамыту. Бұл 1 типті қант диабетін емдеудегі келесі үлкен жетістік болар еді. Біз осы амбицияны диабетті зерттейтін қоғамдастықтың көптеген серіктестерімен бөлісеміз және олармен ортақ мақсат - гипогликемияны жою бағытында тығыз жұмыс жасаймыз.

Біз 1-типті қант диабетінің емін іздеуге жақындай түсудеміз.

Біз әлемдегі жетекші зерттеу университеттерімен бірге бағаналы жасушаларды дені сау адамның ұйқы безінде бөлінетін бета жасушалары секілді глюкозаны сезетін, инсулин бөлетін бета-жасушаларға айналдыра алдық. Жануарларда жүргізілген зерттеулерде осы трансформацияланған бағаналы жасушалар 1-типті қант диабеті бар тышқандарды сауықтырды.

Біз алға қарай елеулі қадамдар жасадық және қалған міндеттерді орындау үшін еңбек етуді жалғастырудамыз. Бақытымызға орай, біз жалғыз емеспіз. Бағаналы жасушаларды зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамдастықта біздің берік желіміз бар және ол күн өткен сайын күшейе түседі.

Сұрақ тек бұл ынтымақтастықтың 1-типті қант диабетімен өмір сүретін миллиондаған адамдардың емделуіне қашан әкелетінінде.

Ново Нордиск компаниясың философиясы инсулинмен емдеу тәсілін неғұрлым қарапайым ету.  Біз диабетті емдеу шараларын жеңілдетуге ұмтыламыз және сан-алуан дамыған әдістерінен бастап цифрлік шешімдерін ұсынамыз.  Ново Нордисктің мақсаты  1-типті диабетпен өмір сүретін миллиондаған адамның әрқилы қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысу.

1-типті қант диабеті бойынша біз қазіргі уақытта келесі аймақтарда зерттеу жүргізудеміз:

  • Глюкозаға тәуелді инсулиндер
  • Жалғанған инсулин жеткізу құрылғылары
  • Бағаналы жасушалармен емдеу

Біз созылмалы аурумен ауыратын адамның дауысын ғылыми тәжірибемізбен және инженерлік дағдыларымызбен біріктіргенде инновациялық инсулиндер мен жеткізу жүйелерін табуды және дамытуды жалғастыра аламыз.